❗️Денсаулық сақтау министрлігі ескертеді!
Алаяқтар медициналық ұйым атынан қоңырау шалып, скринингке жазылуыңызды растау сылтауымен СМС-код сұрауы мүмкін.
Ешқашан бейтаныс адамдарға СМС-код айтпаңыз — ол жеке деректеріңізге немесе қаржыңызға қол жеткізу үшін қолданылуы мүмкін.
Есіңізде болсын: мемлекеттік емханалар СМС-код арқылы жазбаны растауды талап етпейді. Ақпаратты тек ресми көздерден — емханаңыз, eGov немесе медициналық жүйелер арқылы тексеріңіз.
Күмән туса, полицияға хабарласыңыз. Өзіңізді және деректеріңізді қорғаңыз!
2025 жылы МӘМС үшін қанша төлейміз?
Дербес төлеушілер мен жеке кәсіпкерлерге жарналарды есептеу үшін ең төменгі жалақы есепке алынады. Биыл ол бұрынғы деңгейде қалды, яғни 85 000 теңге. Демек, жарналар мөлшері де өзгермейді.
Сонымен, 2025 жылы МӘМС үшін кім қанша төлейтінін еске салсақ:
• Жұмыс берушілердің аударымдары — қызметкердің табысынан 3%;
• Қызметкерлердің жарналары — табыстың 2%-ы;
• Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалардың жарналары — табыстың 2%-ы;
• Жеке кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын тұлғалардың жарналары — айына 5 950 теңге;
• Дербес төлеушілердің жарналары — айына 4 250 теңге.
Биыл тек біржолғы төлем мөлшері 21,5%-дан 23,8%-ға дейін өзгереді.
МӘМС жарналарын «Қазпошта» АҚ және екінші деңгейлі банктердің кассалары, жылдам төлем терминалдары әрі банктердің мобильді қосымшалары арқылы төлеуге болады.
МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған жүкті әйел емханаға тіркеле ала ма?
Егер жүкті әйел жұмыс істемесе және жеке кәсіпкер ретінде тіркелмесе, ол жеңілдік санатына кіреді де мемлекет ол үшін МӘМС жарнасын төлейді.
Ол үшін әйел тіркелген емханасына барып, жүктілігі бойынша есепке тұруы қажет. Сақтандыру мәртебесі болмаған жағдайда, әйелді есепке учаскелік дәрігер мен акушер қоя алады, өйткені олардың қабылдауы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіреді.
❗️Денсаулық сақтау министрлігі ескертеді!
Алаяқтар медициналық ұйым атынан қоңырау шалып, скринингке жазылуыңызды растау сылтауымен СМС-код сұрауы мүмкін.
Ешқашан бейтаныс адамдарға СМС-код айтпаңыз — ол жеке деректеріңізге немесе қаржыңызға қол жеткізу үшін қолданылуы мүмкін.
Есіңізде болсын: мемлекеттік емханалар СМС-код арқылы жазбаны растауды талап етпейді. Ақпаратты тек ресми көздерден — емханаңыз, eGov немесе медициналық жүйелер арқылы тексеріңіз.
Күмән туса, полицияға хабарласыңыз. Өзіңізді және деректеріңізді қорғаңыз!
Оқушыларға қандай медициналық көмек қарастырылған?
Оқушылар МӘМС жүйесінде автоматты түрде сақтандырылған, яғни олар үшін жарналарды мемлекет төлейді. Сондықтан олар кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемінде де, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті аясында да барлық қажетті медициналық қызметтерді ала алады.
Оқушыларға медициналық қызметтер мектеп орналасқан аумаққа тиесілі емхана арқылы көрсетіледі. Мектептердегі медициналық пункттер оқу жылы барысында балаларды бақылап, уақтылы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Оқушыларға мынадай медициналық қызметтер қолжетімді:
- Мектеп медицинасы;
- Стоматологиялық қызметтер;
- Дәрігерлердің консультациялары;
- Зертханалық талдаулар;
- Құрал-жабдық диагностикасы (УДЗ, рентген, КТ, МРТ және т.б.);
- Күндізгі және тәулік бойғы стационар;
- Оңалту қызметтері;
- Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету (аурулардың тізімі бойынша);
- Жоғары технологиялық медициналық көмек.
Көпшілік емханаға баруды уақытты босқа жоғалту деп есептейді. Алайда, емханаңыз бен учаскелік дәрігеріңізді білу маңызды әрі тиімді. Оның бірнеше себебі бар:
1. Үйге жақын орналасуы
Әдетте үйіңізге жақын емханаға тіркелген жақсы, бұл жолға кететін уақытты үнемдейді, әсіресе шұғыл жағдайларда.
2. Барлық деректер – бір жерде
Емхананың медициналық ақпараттық жүйесінде сіздің барлық қабылдауларыңыз, талдауларыңыз, операцияларыңыз туралы ақпарат сақталады.
3. Шұғыл көмек көрсету
Емханада фильтр-кабинет пен шұғыл көмек көрсету кабинеті бар, мұнда дәрігердің жолдамасынсыз қажетті көмек ала аласыз.
4. Тегін медициналық қызметтер
Емханаларда көптеген тексерулер мен емдеу түрлерін МӘМС аясында тегін өтуге болады.
5. Аурулардың алдын алу
Емханалар ауруларды ерте анықтау үшін тұрақты скринингтер өткізеді. Бұл денсаулығыңызды қосымша шығынсыз бақылауда ұстауға мүмкіндік береді.
6. Операцияға жолдама беру
Емхана қажет болған жағдайда пациентті дайындап, оны «Емдеуге жатқызу бюросының» порталына тіркейді. Операциялар МӘМС аясында тегін жүргізіледі.
Қазақстанның әрбір азаматы денсаулығына ешқандай шағымы болмаса да, профилактикалық тексерулер мен скринингтерден уақтылы өтіп отыруы тиіс.
Скринингтер тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттерінің шеңберінде тегін жүргізіледі. Айта кетейік, енді онкоскринингтер сақтандыру мәртебесіне қарамастан барлық азаматтарға қолжетімді.
Пациент скринингтен өз емханасында өте алады. Оған келесі жолдармен жазылады:
• емханаңыздың тіркеу бөлімінде,
• call-орталық арқылы,
• емханаңыздың мобильді қосымшасы немесе порталы арқылы.
Денсаулығыңызды қорғаңыз — скринингтен өтуді ұмытпаңыз! ❤️
❓Жеке кәсіпкердің ешқандай табысы болмаса да, МӘМС-ке жарна төлеуі қажет пе?
💬 Иә, МӘМС жүйесінде жарна төлеу міндеті жұмыс істеп тұрған ЖК болу фактісі бойынша туындайды және ол табысқа байланысты емес.
Егер жеке кәсіпкер ҚР Салық заңнамасына сәйкес салық есептілігін ұсынуды тоқтатса немесе «жұмыс істемейді» деп танылса, жарна төлеуден босатылады.
Қате төленген жарналарды қайтару үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына өтініш жазу керек. Өтініш бланкын Қор сайтынан жүктеп алсаңыз болады және оған міндетті түрде төлемді растайтын құжаттарды тіркеу қажет.
Дайын өтінішті пошта арқылы немесе eotinish.kz порталы арқылы жіберсеңіз болады. Өтінішті қарау 15 жұмыс күнінен аспайды.
Бесплатный скрининг: узнайте, входите ли вы в группу риска!
Если вы подходите по возрасту (согласно Приказу №71 от 29 июля 2025 года), вы имеете право на прохождение профилактического обследования.
Скрининг направлен на раннее выявление следующих заболеваний:
• артериальная гипертония
• сахарный диабет
• рак молочной железы, шейки матки или толстого кишечника
• глаукома
• нарушение мозгового кровообращения
❗️Не упустите шанс позаботься о здоровье вовремя!
Жақында ресми жұмысқа орналасқан азаматта МӘМС қашаннан бастап күшіне енеді?
Сақтандырылған мәртебесі қатарынан 12 ай (өткен немесе алдағы) үшін тұрақты төлем жасалған жағдайда беріледі. Егер сіз бұған дейін ресми жұмыс істемесеңіз, жұмыссыз ретінде жеңілдік санатына кірмесеңіз және төлемді жеке төлеуші ретінде жасамаған болсаңыз, онда жұмысқа орналасқан күннен бастап бір жыл өткен соң сақтандыру мәртебесі беріледі. Егер осы кезеңге дейін МӘМС бойынша медициналық көмек қажет болса, онда өткен 12 ай үшін төлем жасап, сақтандыру мәртебесін алуға болады.
Многие казахстанцы с хроническими и социально значимыми заболеваниями имеют право на бесплатное лекарственное обеспечение в рамках ГОБМП и ОСМС. Однако не все знают, как это работает.
Лекарства выдаются на уровне поликлиник по специальному Перечню (приказ МЗ РК № ҚР ДСМ-75 от 5 августа 2021 года), где указаны заболевания и препараты к ним, дозировки и категории граждан, которые могут получать их бесплатно. Поставки лекарств в поликлиники осуществляет ТОО «СК-Фармация», а оплату осуществляет Фонд за счет бюджета ГОБМП и средств ОСМС.
❓Как же получить лекарства? Пациент должен состоять на учете с заболеванием из перечня. Для этого он должен пройти обследования. После постановки на диспансерный учет врач выписывает рецепт. С этим рецептом и удостоверением личности нужно обратиться в аптеку своей поликлиники.
Если препарат долго отсутствует, можно позвонить в «СК-Фармация» по номеру 1439. Если проблема не в поставках – обратиться в ФСМС через eotinish, Qoldau 24/7, Telegram-бот @SaqtandyryBot или на сайте msqory.kz.
Был за границей несколько месяцев. Нужно пройти лечение по ОСМС. Как восстановить статус?
Если ранее вы исправно платили взносы и были застрахованы, то вам достаточно погасить задолженность за пропущенный период, и статус снова будет присвоен (при наличии платежей за 12 прошедших месяцев).
Проверить наличие или отсутствие платежей за прошедший год можно на официальном сайте Фонда социального медицинского страхования (https://msqory.kz/ru/), в мобильное приложении Qoldau 24/7, через Saqtandyry-bot в Telegram.
В каких случаях нужно обращаться в Службу поддержки пациентов?
Если у вас возникли сложности в поликлинике, например:
– требуют статус застрахованного для экстренной помощи или визита к участковому врачу;
– отказывают в приеме участкового врача из-за его отсутствия или отсутствия записи;
– не обслуживают вызов на дому, хотя вы прикреплены по адресу;
– невозможно записаться к узкому специалисту;
– не выдают направление на положенные обследования;
– предлагают пройти обследование платно или ждать более 15 рабочих дней;
– врач проявил грубость или помощь оказана некачественно.
❓Как получить статус в ОСМС на год вперед, если вы не работаете официально и не застрахованы?
Раньше статус в системе присваивался только при наличии взносов за 12 прошедших месяцев. При отсутствии даже одного платежа из этого периода образовывалась задолженность, которую необходимо было погасить.
Сейчас закон об ОСМС позволяет получить статус на год вперед – без необходимости оплачивать задолженность за прошедший год.
📌 Для этого нужно оплатить взносы за 12 будущих месяцев. Помните: взносы должны быть произведены за каждый месяц отдельно – по 4250 тенге. Платеж единой суммой не соответствует алгоритму, поэтому статус не присвоится.
Если статус застрахованного вам необходим уже в текущем месяце, начните отсчет годового периода именно с него.
🏦 Взносы можно оплатить через кассы и мобильные приложения банков, терминалы оплаты и отделения Казпочты.
Может ли незастрахованная в системе ОСМС беременная женщина встать на учет в поликлинике?
Если беременная женщина не работает и не зарегистрирована в качестве индивидуального предпринимателя, она может войти в льготную категорию, и взносы на ОСМС за нее будет платить государство.
Для этого ей нужно обратиться в свою поликлинику по месту прикрепления и встать на учет по беременности. Беременная, не имеющая статуса в системе ОСМС, может встать на учет через участкового врача и акушерку, чей прием входит в гарантированный объем бесплатной медицинской помощи.
Жүкті әйелдер скринингтерді МӘМС арқылы тегін өте ала ма?
Иә, скринингтік тексерулер, соның ішінде пренаталдық скрининг те МӘМС пакетіне кіреді. Сондай-ақ жүкті әйелге зертханалық талдаулар, құралдық диагностика, бейінді мамандардың кеңесі де қолжетімді. Медициналық бақылаудан дер кезінде өту үшін тіркелген емханаңызда жүктілік бойынша есепке (12 аптаға дейін) тұру қажет.
❓Я беременна, наблюдаюсь у частного гинеколога. Могу ли я пройти скрининги по ОСМС бесплатно?
💬 Да, скрининговые обследования, в том числе пренатальный скрининг, входят в пакет медицинских услуг по ОСМС. Также беременной доступны лабораторные анализы, инструментальная диагностика, консультации узких специалистов.
Для своевременного медицинского наблюдения нужно встать на учет по беременности (до 12 недель) в поликлинике по месту прикрепления.
Как студентам получить статус застрахованного
Студенты, обучающиеся очно в Казахстане или за границей, входят в льготную категорию. Но алгоритм получения статуса застрахованного для них разный. Об этом напомнили в Фонде социального медицинского страхования.
🧷Студенттер сақтандырылған мәртебесін қалай ала алады?
Қазақстанда немесе шетелде күндізгі бөлімде оқитын студенттер жеңілдік санатына кіреді. Алайда, олардың сақтандырылған мәртебесін алу алгоритмі әртүрлі. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында еске салды.
❓Как осуществляется плановая госпитализация в рамках ОСМС?
Пациент должен обратиться к врачу по месту прикрепления. Если есть показания, лечащий врач проводит осмотр и назначает все необходимые диагностические исследования.
В случае необходимости госпитализации врач оформляет направление. При этом пациент имеет право выбрать медицинскую организацию совместно со своим врачом.
Далее, в соответствии с протоколами лечения, пациенту предоставляется список обследований для постановки в очередь на портал «Бюро госпитализации».
❓МӘМС аясында жоспарлы түрде ауруханаға жату үшін не істеу керек?
Жоспарлы госпитализация – бұл шұғыл медициналық араласуды қажет етпейтін созылмалы немесе басқа да ауруларды емдеу үшін пациенттің ауруханаға алдын ала жоспар бойынша жатқызылуы. Ол «Емдеуге жатқызу бюросы» порталы арқылы жүзеге асырылады.
Толығырақ карусельде ➡️
МӘМС жүйесіндегі мәртебеңізді қалай біле аласыз?
• https://msqory.kz/ ресми сайты – парақшаның ортасындағы «Сақтандыру мәртебесін тексеріңіз» жолағы арқылы;
• Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы – бас мәзірдегі «Сақтандыру мәртебесін тексеру»пәрмені арқылы;
• Telegram-дағы @SaqtandyrýBot – негізгі мәзірдегі «Сақтандыру мәртебесін анықтау»пәрмені арқылы.
Бүгінгі таңда бұл мүмкіндік келесідей мобильді қосымшаларда қолжетімді:
• Damumed
• Halyk (Халық банкі)
• BCC.KZ (ЦентрКредит банкі)
• Kaspi.kz (Kaspi Bank)
• Forte (Forte Bank)
• Freedom SuperApp (Фридом Банк Қазақстан)
• Bereke bank (Bereke Банк)
Сонымен қатар, egov.kz электрондық үкімет сайтында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу және аударымдардың және немесе жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат» мемлекеттік қызметі бар.
Как проверить статус в системе ОСМС?
В едином контакт-центре 1414 можно получить консультации по вопросам получения медицинской помощи. Часть поступающих обращений касается уточнения статуса в системе ОСМС.
Существуют собственные сервисы Фонда медицинского страхования, через которые можно узнать статус в системе ОСМС, введя ИИН:
официальный сайт – через поле «Проверить статус застрахованности» в центре страницы;
мобильное приложение «Qoldau 24/7» – через команду «Проверка статуса страховки» в главном меню;
в Telegram @SaqtandyrýBot – через команду «Определить статус застрахованности» в основном меню.
Также Фонд социального медицинского страхования постоянно проводит работу по расширению сервисов для проверки статуса и оплаты взносов, заключая соответствующие соглашения с банками второго уровня и поставщиками медицинских информационных систем. На сегодня данная возможность доступна в мобильных приложениях:
«Damumed»;
«Halyk» (АО «Народный Банк Казахстана»);
«BCC.KZ» (АО «Банк ЦентрКредит»);
«Kaspi.kz» (АО «Kaspi Bank»);
«Forte» (АО «Forte Bank»);
«Freedom SuperApp» (АО «Фридом Банк Казахстан»);
«Bereke bank» (АО «Bereke Bank»).
Виды медпомощи для застрахованных граждан:
🔸️ консультации профильных врачей, например, невропатолога, эндокринолога;
🔸️ различные анализы, к примеру, на гормоны, инфекции, определенные витамины;
🔸️ плановые операции, то есть те, которые проводят не экстренно, а с необходимой подготовкой;
🔸️ операции с применением высокотехнологичных медицинских услуг: замена сустава, установка кардиостимулятора и т.д.;
🔸️ прохождение программы ЭКО;
🔸️ медицинская реабилитация;
🔸️ обеспечение лекарствами от поликлиники при определенных заболеваниях;
🔸️ скрининги.
⚡️ Важно помнить, что ОСМС – это ПЛАНОВАЯ медицинская помощь, то есть когда нет угрозы жизни и можно постепенно проходить обследования.
💬 Иә, МӘМС жүйесінде жарна төлеу міндеті жеке кәсібін тіркеген сәттен басталады және табыстың бар-жоғына қарамайды. Ол салық заңнамасына сәйкес, тек салық есептілігін тапсыруды тоқтатса немесе әрекетсіз деп танылса ғана жарна төлеуден босатылады.
2. Егер жеке кәсіпкер тек жекеменшік клиникаларға жүгінсе, МӘМС жарналарын төлемеуіне бола ма?
💬 Жоқ, заң бойынша жеке кәсіпкерлер бюджетке басқа міндетті төлемдермен қатар, МӘМС жарналарын да төлеуге міндетті. Жарналарды төлемеу немесе олардан жалтару заңсыз болып табылады.
3. Ал егер жеке кәсіпкердің мүгедектігі болса, МӘМС жарналарын төлеуі керек пе?
💬 Жоқ, себебі ол жеңілдігі бар санатқа кіреді. Ол үшін жарналарды мемлекет төлейді.
Сонымен қатар, келесі санаттағы жеке кәсіпкерлер жарна төлемейді:
• 18 жасқа дейінгі балалар;
• зейнеткерлер, соның ішінде ҰОС қатысушылары мен мүгедектері;
• «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен, «Батыр ана» атағымен, «Ана даңқы» ордендерінің I және II дәрежелерімен марапатталған көп балалы аналар;
• мектептерде, лицейлерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында және магистратурада күндізгі бөлімде оқитындар.