Ауруханаға жату үшін не істеу керек?
• Тіркелген емханадағы дәрігерге жүгіну. Егер көрсеткіштер болса, маман тексеру жүргізіп, диагноз қою үшін қажетті зерттеулерді толық көлемде тағайындайды;
• Емхана жағдайында қажетті минималды тексеруден өту;
• Ауруханаға жатуға жолдама алу. Медициналық ұйымды өз дәрігеріңізбен бірге таңдай аласыз;
• Ауруханаға жату талонын алу. Ол арқылы «Емдеуге жатқызу бюросы» сайтында (https://bg.eisz.kz/) өз кезегіңізді бақылауға болады.
Жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету (ЖТМК) үшін тіркелген медициналық ұйым профильдік маманның қорытындысына сүйене отырып, пациенттің құжаттарын ЖТМК жөніндегі комиссияға жолдайды.
Пациент тіркелген медициналық ұйым оған тиісті бейін бойынша осы қызметтерді көрсететін өзге ұйымды таңдау мүмкіндігі бар екенін хабарлауы тиіс.
ЖТМК жөніндегі комиссия жергілікті денсаулық сақтау басқармасының басшысы бұйрығымен жасалады және пациентті тиісті медициналық ұйымға жолдау мәселесін шешеді. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі (ТМККК) тізбесіне кірмейтін мамандандырылған медициналық көмек МӘМС жүйесінде немесе ақылы негізде көрсетіледі. Мамандандырылған көмектің көлемі, соның ішінде зертханалық және диагностикалық зерттеу әдістері, клиникалық хаттамаларға сәйкес айқындалады (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-238/2020 бұйрығына сәйкес).





