МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған жүкті әйел емханаға тіркеле ала ма?
Егер жүкті әйел жұмыс істемесе және жеке кәсіпкер ретінде тіркелмесе, ол жеңілдік санатына кіреді де мемлекет ол үшін МӘМС жарнасын төлейді.
Ол үшін әйел тіркелген емханасына барып, жүктілігі бойынша есепке тұруы қажет. Сақтандыру мәртебесі болмаған жағдайда, әйелді есепке учаскелік дәрігер мен акушер қоя алады, өйткені олардың қабылдауы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіреді.





