КГП на ПХВ "Акжарская районная больница" КГУ "Управление здравоохранения акимата Северо-Казахстанской области"
Ресми интернет-ресурс
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Айдын Құлсейітов Үкімет отырысында Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы жаңартудан өтіп жатқанын айтты

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Айдын Құлсейітов Үкімет отырысында Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы жаңартудан өтіп жатқанын айтты

 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Айдын Құлсейітов Үкімет отырысында Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы жаңартудан өтіп жатқанын айтты. Оны жылдың соңына қарай іске қосуды жоспарлап отыр. Пайдаланушылар жеке кабинет арқылы барлық қажетті ақпаратқа қол жеткізіп, мәртебесін тексеріп, төлемнің түскенін қарай алады және ең бастысы — медициналық қызметтерді алу көрсеткішін көре алады.

«Бұл функционал бұрын-соңды болмаған деңгейдегі ашықтықты қамтамасыз етеді. Азаматтар ЖСН теріп, Қордың қандай қызметтерді төлегенін көруге мүмкіндік алады. Сондай-ақ, жалған жазбаны анықтау қызметі аса маңызды. Қызмет жүйеде тіркелген соң, пациентке хабарлама келеді және ол қызметті алғанын не алмағанын растай алады», – деді Құлсейітов.

Егер пациент қызметті алса, оны ЭЦҚ көмегімен растайды және бірден сапасына 1-ден 5-ке дейін баға бере алады. Ал қызмет көрсетілмесе, пациент оны да ЭЦҚ арқылы тіркеп, Қор расталмаған медициналық қызмет бойынша автоматты түрде ресми тексерісті бастайды.

7dfffc73-4c51-4ff3-95cb-ecbef4d551bb.jpg