МӘМС жүйесіндегі мәртебеңізді қалай біле аласыз?
• https://msqory.kz/ ресми сайты – парақшаның ортасындағы «Сақтандыру мәртебесін тексеріңіз» жолағы арқылы;
• Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы – бас мәзірдегі «Сақтандыру мәртебесін тексеру»пәрмені арқылы;
• Telegram-дағы @SaqtandyrýBot – негізгі мәзірдегі «Сақтандыру мәртебесін анықтау»пәрмені арқылы.
Бүгінгі таңда бұл мүмкіндік келесідей мобильді қосымшаларда қолжетімді:
• Damumed
• Halyk (Халық банкі)
• BCC.KZ (ЦентрКредит банкі)
• Kaspi.kz (Kaspi Bank)
• Forte (Forte Bank)
• Freedom SuperApp (Фридом Банк Қазақстан)
• Bereke bank (Bereke Банк)
Сонымен қатар, egov.kz электрондық үкімет сайтында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу және аударымдардың және немесе жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат» мемлекеттік қызметі бар.





