2025 жылдың 1 желтоқсанында №1 Ленинград ОМ, №2 Ленинград ОМ және Горький орта мектебінде профилактикалық жұмыс шеңберінде 7-11 сынып оқушылары арасында «АИТВ туралы сөйлесейік», «АИТВ-ны қайдан жұқтыруға болады және жұқтыруға болмайды?», «АИТВ туралы не білу керек?»,
«Не қажет» тақырыптарында дөңгелек үстелдер өткізілді.
Дәрістің мақсаты – АИТВ-ның алдын алу, денсаулықты нығайту, мотивация және қолдау,
оның ішінде қауіпсіз және жауапты мінез-құлық туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған.
Медицина қызметкерлері өздерін қалай қорғау керектігін түсіндіріп, барлық сұрақтарына жауап берді.





