"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 58-бабына сәйкес пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі ұйымдастырылды.
Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметін директордың МСАК бойынша стратегиялық даму жөніндегі орынбасары С. Рамазан басқарады.
Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің құрамына бас мамандар, бөлімше меңгерушілері, бас мейірбике, фармацевт, психолог, медициналық статистик, инфекциялық бақылау мейірбикесі кіреді.
Пациенттерді қолдау қызметінің мақсаты - проблемалық мәселелерді анықтау және көрсетілетін медициналық көмектің сапасын одан әрі жақсарту.
Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі "осында және қазір" қағидаты бойынша туындайтын проблемаларды шешуге, сол арқылы пациенттердің сапалы және қолжетімді медициналық қызметтерге құқықтарын қолдауға арналған.
Осыған байланысты, егер пациент немесе оның туыстары:
Пациенттерді қолдау қызметі өтінішті қысқа мерзімде қарауға және өтінішті қарау нәтижелері бойынша бес күнтізбелік күннен кешіктірмей ақпарат беруге тиіс.
Пациенттерді қолдау қызметіне "сенім" телефоны бойынша жүгіне аласыз: 8(71546) 21 – 131 хабарласуға болады немесе № 62 кабинетке, сондай-ақ емхананың 1-ші қабатында орналасқан "шағымдар мен ұсыныстар үшін" жәшігінде өз жазбаша өтінішіңізді қалдыруға немесе Аудандық ауруханасының ресми сайтына жіберуге болады- https://akzharcrb.sko.kz/?lang=ru.
Сіз жауапты тұлғаларға жүгіне аласыз:
Сіз жауапты тұлғаларға жүгіне аласыз:
2026 жылғы 29 қаңтарда Ақжар АА әйелдер консультациясының акушері Г.В. Шлотгауэр және Талшық орта мектебінің медбикесі А. Ш. Тасыбаева бірлесе 8-11 сынып жасөспірім қыздары арасында "Ерте жүктіліктің алдын алу" тақырыбында семинар өткізді. Семинар соңында жасөспірімдер қойылған барлық сұрақтарға жауап алды.
2026 жылдың 27 қаңтарында «Ақжар аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-да Халықаралық жатыр мойны обырының алдын алу апталығы аясында Ашық есік күнін өткізді.
Іс-шаралар барысында халықпен профилактикалық әңгімелер, консультациялар өткізілді, сондай-ақ тақырыптық, ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.