МӘМС жарналарын бір жылға алдын ала төлеу не үшін тиімді
МӘМС жарналарын 12 айға алдын ала төлеу — жай ғана формалдылық емес, медициналық көмекке қолжетімділікті сақтаудың нақты тетігі. Оның басты артықшылығы — өмірлік жағдайларға қарамастан сақтандырылған мәртебенің үздіксіз сақталуы.
Жарнаны жылдық негізде төлеу дәрігер кеңесіне, диагностикаға, ауруханаға жатқызуға және ем алуға жүгінген сәтте мәртебені шұғыл түрде қалпына келтіру қажетсіз, медициналық көмекті алдын ала қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл әсіресе:
🔹 Созылмалы аурулары бар науқастар үшін;
🔹 Тексеруден немесе ем қабылдап жүрген адамдар үшін;
🔹 Балалы отбасылар мен қарт азаматтар үшін маңызды.
2025 жылдың 1 желтоқсанында №1 Ленинград ОМ, №2 Ленинград ОМ және Горький орта мектебінде профилактикалық жұмыс шеңберінде 7-11 сынып оқушылары арасында «АИТВ туралы сөйлесейік», «АИТВ-ны қайдан жұқтыруға болады және жұқтыруға болмайды?», «АИТВ туралы не білу керек?»,
«Не қажет» тақырыптарында дөңгелек үстелдер өткізілді.
Дәрістің мақсаты – АИТВ-ның алдын алу, денсаулықты нығайту, мотивация және қолдау,
оның ішінде қауіпсіз және жауапты мінез-құлық туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған.
Медицина қызметкерлері өздерін қалай қорғау керектігін түсіндіріп, барлық сұрақтарына жауап берді.
МСАК — денсаулық сақтау жүйесінің негізгі деңгейі және ТМККК-нің маңызды бөлігі. Бұл профилактика, диагностика және денсаулық жағдайын бақылауы басталатын алғашқы байланыс нүктесі.
ТМККК аясында көрсетілетін қызметтер:
🔹 Учаскелік дәрігер немесе медбикенің қабылдауы;
🔹 Созылмалы аурулары бар пациенттерді бақылау;
🔹 Ұлттық күнтізбе бойынша вакцинация;
🔹 Профилактикалық тексерулер және скринингтерге жолдау;
🔹 Емханада көрсетілетін шұғыл көмек.
Бұл қызметтердің барлығы тіркелген емханада тегін көрсетіледі.
Төлем жасамас бұрын азаматтар өз мәртебесін және соңғы 12 айдағы жарналардың бар-жоғын тексеруі тиіс.
Бұл қызметті Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, Telegram-дағы SaqtandyruBot, сондай-ақ, eGov.kz электронды үкімет порталының жеке кабинеті арқылы орындауға болады.
Тексеру нәтижесінде әр ай бойынша төленген жарналардың үзінді көшірмесін көруге мүмкіндік бар. Егер бірнеше ай үшін төлем жүргізілмеген болса, сол айлар үшін төлем жасап, мәртебе алуға болады. Алайда мәртебені жоғалтпау үшін ай сайынғы жарналарды уақтылы төлеу қажет.
Алдағы 12 айға төлем жасау тиімді
Егер азамат бұрын ешқандай төлем жүргізбеген болса, онда өткен айлар үшін емес, алдағы 12 айға алдын ала төлем жасаған тиімді. Бұл өз кезегінде бір жыл бойы медициналық сақтандыру жүйесінде үздіксіз мәртебеде болуға мүмкіндік береді.
МӘМС жарналарын екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары, жылдам төлем терминалдары және «Қазпошта» бөлімшелері арқылы төлеуге болады. Дербес төлеушілер үшін төлем тағайындау коды – 122.
Әр айға жеке төлем қажет
Жүйе төлемдерді дұрыс есептеу үшін жарналарды әр айға бөлек-бөлек қабылдайды. Сондықтан бір жылдық жарнаны бір төлеммен аударуға болмайды. Әр ай мен жылды жеке көрсетіп төлеу керек. Егер ағымдағы айдың аяқталуына аз уақыт қалса немесе сол айда медициналық көмекке жүгінуді жоспарламасаңыз, төлемді келесі айдан бастап жасау ұсынылады. Осылайша азамат бір жыл бойы сақтандырылған мәртебесін сақтап отыра алады.
Қате төлемдерді қайтаруға болады
Төлемнен кейін үш жұмыс күні ішінде жарнаның жүйеге түскен-түспегенін тексеру қажет. Егер төлем ұзақ уақыт бойы жүйеде көрінбесе, деректердің дұрыстығын қайта тексеріп, банкке немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына хабарласқан жөн. Қате төленген соманы қайтару үшін өтініш сол мемлекеттік корпорация арқылы қабылданады.
Мәртебені қалай тексеруге болады
МӘМС жүйесіндегі сақтандырылу мәртебесін төмендегі тәсілдермен білуге болады:
– әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сайты: msqory.kz;
– Telegram-бот: SaqtandyruBot;
– Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы;
– eGov.kz порталы;
– Кейбір банктердің мобильді қосымшалары.
МӘМС жүйесіне бір жылға алдын ала төлем жасау
Ақжар аудандық ауруханасы 2025 жылдың 17 қарашасы мен 22 қарашасы аралығында Дүниежүзілік ұйқы безі обырына қарсы күрес күніне орай «Ұйқы безінің қатерлі ісігі туралы хабардар ету» апталығын өткізуде.
Баршаңызды қатерлі ісікке ерте скринингке қатысуға шақырамыз.